Хорватияға Ауғанстаннан 105 жастағы мигрант келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Хорватияға келген мигранттардың ішінде 105 жастағы Ауғаныстан азаматшасы болды, деп хабарлады АП агенттігі.
None
None

Агенттік ақпаратынша, кейуана Опатовач кентіндегі босқындарға арналған лагерьге келген.Ол Сербия жақтан бір топ ауғанмен бірге шекарадан өткен.

Хорватиялық биліктің айтуынша, әйелді медицина қызметкерлері оның денсаулық жағдайын білу үшін тексергенін айтты.

Ресми деректерге сәйкес, қыркүйектің ортасынан Хорватияға 260 мыңнан астам мигрант келген.

Соңғы жаңалықтар