21:04, 01 Шілде 2009 | GMT +5
Хорватияның Премьер-министрі отставкаға өтініш берді
АСТАНА.Шілденің 1-і. ҚазАқпарат - Хорватияның Премьер-министрі Иво Санадер отставкаға өтініш берді. И.Санадер өзінің орнына орынбасары Ядранку Косорды ұсынады деп күтілуде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК-ға сілтеме жасап.
Премьер-министрдің отставкаға кетуінің себебі әзірге белгісіз.
Бірқатар БАҚ-тың хабарлауынша, И.Санадер 2010 жылға тағайындалған президент сайлауына қатысу үшін орынтағымен қош айтыспақ.
И.Санадер Хорватияның Премьер-министрілігіне 2003 жылы келген болатын. Ол «Хорватияның демократиялық одағы» (ХДП) партиясына жетекшілік етеді, батыстық саяси ұстанымды жақтайды, Хорватияның Еуропалық Одаққа және НАТО-ға қосылуын жақтайды.
И.Санадер бұрын ғылыммен айналысқан. Ол ағылшыншаны қоса есептегенде бірнеше шет тілдерін меңгерген.