«Хосе» дауылының қуаты төртінші дәрежеге жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыстан Кариб бассейніне қарай төніп келе жатқан «Хосе» дауылы жұма күні Саффир-Симпсон шкаласы бойынша 5 деңгейдің төртінші дәрежесіне дейін күшейді. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

«Хосе» дауылының қуаты төртінші дәрежеге жетті

Дауылдардың бағытын бақылау жөніндегі америкалық орталықтың мәліметтері бойынша, «Хосе» дауылының эпицентріндегі желдің күші жұма күні сағатына 240 км-ге жетті.

Дауылдың ошағы шағын Антиль аралдарынан шығысқа қарай 700 км қашықтықта келді және ол сағатына 26 км жылдамдықпен батысқа қарай ығысуда.

Болжам бойынша дауылға қоса 50-ден 150 мм қалыңдыққа дейін жауын жауып, кейбір аудандарда ол 250 мм-ге дейін жетеді.

«Ирма» дауылынан соң күшейген «Хосе» жексенбі күні Пуэрто-Рико мен Гаитиден солтүстікке қарай және сейсенбі таңа ата тропикалық дауыл деңгейіне дейін әлсірейді.