Хосни Мубарактан шеруге шыққандарды өлтірді деген айып алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысыр соты 2011 жылы көтеріліске шыққандарды өлтірді деп айыпталған елдің бұрынғы президенті Хосни Мубарактан аталған іс бойынша тағылған айып алынды, деп хабарлады ВВС.

Хосни Мубарактан шеруге шыққандарды өлтірді деген айып алынды

Экс-президент осыдан үш жыл бұрын кінәлі деп танылған болатын. Алайда, 2013 жылы техникалық себептерге байланысты, екі куәгердің аппеляциялық шағымын қанағаттандырған сот Үкімді кейінге қалдырған.

86 жастағы Мубарак өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ. Сонымен қатар, сот бұрынғы Ішкі істер министрі Хабиб аль-Адлиді және оның алты көмекшісін де ақтап шықты.