Хосни Мүбәрактың дүние-мүлкі Билл Гейтстің дәулетінен асып түседі

АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Мысырдың бұрынғы президенті Хосни Мүбәрактың дүние-мүлкі 70 млрд. долларға бағаланып отыр.

Хосни Мүбәрактың дүние-мүлкі Билл Гейтстің дәулетінен асып түседі

"Олай болған жағдайда, Мысырды 30 жыл басқарып, 2011 жылдың 11 ақпанында халықтың жаппай наразылығы аясында отставкаға кеткен ел көшбасшысы америкалық Microsoft корпорациясының негізін салушы, дүние-мүлкі 54 млрд. долларға (2010 жылғы дерек бойынша) бағаланатын Билл Гейтстен дәулетті болып шығады", - деп хабарлайды РБК N24 неміс телеарнасына сілтеме жасап.

80 миллион адамның жартысынан көбі күніне 2 долларға күнелтетін Мысыр халқы айына ресми түрде 808 доллар жалақы алған Х.Мүбәрак миллиардтарды қайдан тапқанын түсінбей әлек.