Хостелдегі өрт: Алматы әкімдігі қаза тапқандардың денесін тасымалдауға көмектеседі

Алматы әкімдігі жерлеу рәсімін ұйымдастыруға және қаза тапқандардың денесін тасымалдауға көмектесетін болады, деп хабарлайды Kazinform. 

Хостелдегі өрт: Алматы әкімдігі қаза тапқандардың денесін тасымалдауға көмектеседі
Фото: Александр Павский/ Kazinform

«Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша әкімдік қаза тапқандардың денесін туған жеріне тасымалдауға жәрдемдесетін болады. Бұдан басқа, жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға көмектеседі», — деп хабарлады әкімдіктен.

Жерлеуді ұйымдастыру мәселелері бойынша қаза тапқандардың туыстары мына байланыс нөмірлеріне жүгіне алады: + 7 707 779 07 08, +7 777 312 08 08.

«Алматы әкімдігі өрт салдарынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», — делінген хабарламада.

Алматыда хостелде болған өрт туралы соңғы мәліметтер мына жерде

Соңғы жаңалықтар