Хостинг компаниясының Data-орталығындағы олқылыққа байланысты Қазақстанда бірқатар сайт ашылмай тұр - Д.Абаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - PS.kz ірі хостинг компаниясының Data-орталығындағы олқылыққа байланысты Қазақстанда бірқатар сайт ашылмай тұр. Бұл туралы Фэйсбуктегі ресми парақшасында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев жазды.

Хостинг компаниясының Data-орталығындағы олқылыққа байланысты Қазақстанда бірқатар сайт ашылмай тұр - Д.Абаев

«Министрлікке қазір бірқатар қазақстандық сайт ашылмай тұрғаны жайлы ақпарат түсті. Біздің мамандар жағдайдың мән-жайын білуге кірісті. Нәтижесінде PS.kz ірі хостинг компаниясының Data-орталығындағы олқылық туындағаны белгілі болды. Қазір оны қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - делінген министр жазбасында.

Атап айтар болсақ, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің сайты да ашпай тұр.