Хот-догтарды жеуден әлем чемпионатында 28 жастағы жапон қызы жеңімпаз атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Хот-дог жеуден үш дүркін әлем чемпионы, АҚШ тұрғыны Соня Томас өз титулынан айырылып қалды.

Хот-догтарды жеуден әлем чемпионатында 28 жастағы жапон қызы жеңімпаз атанды

Жергіліктің БАҚ-тың хабарлауынша, сенбі күні Нью-Йоркте өткен кезекті халықаралық жарыста 28 жастағы жапондық Мики Судо жеңіске жеткен. Ол өзінің қарсыласынан езілген еттен жасалған шұжықшаның (сосиска) алтауын артық жеген.

47 жастағы американдық әйел өзінен әлдеқайда жас жапондық қарсыласына төтеп бере алмады. Томас небәрі 27 хот-дог жесе, Судо 34-ін тоқтаусыз қылғытқан.

Бір қызығы, Томас өткен жылы жеп, рекорд орнатқан болатын.

Қазір Лас-Вегаста тұратын Мики Судо осы жылы сосиска жеуден тағы бір халықаралық жарысқа қатысқан еді. Онда ол 113-ін жеп, қарсыластарын артқа тастады.