«Хоум кредит банкінің» несие қоржыны былтыр 139,2 пайызға өсті

Бұл туралы бүгін Алматыда Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты бойынша тексерілген шоғырландырылған есептің деректеріне сәйкес 2011 жылғы қаржылық және операциялық қызметінің нәтижелерін жариялау кезінде айтылды.
«2011 жылы Хоум кредит банк үшін өте табысты болды. Несие және депозиттік қоржындардың өсуімен қатар, біз бизнестің пайдалылығын арттырдық. Оған несие берудің аса тартымды шарттарына және серіктестермен промо-акциялар жүргізуге көңіл бөлу арқылы жеттік. Біз енді банктің республикадағы бөлімшелері мен өнімдер желісін кеңейту, сонымен қатар шығындарды басқару тиімділігін арттыру арқылы бизнесті дамытуды жоспарлап отырмыз», - дейді Басқарма төрағасыПавел Мацо.
Оның айтуынша, алдыңғы жылы қаржы институтының несие қоржыны 13 605 млн. теңге болған еді, былтыр 32 544 млн. теңгені құрады. Банк жеке тұтынушылық несие беруді белсенді түрде дамытуда. Ол несие қоржынының жылдам айналымдығымен және бөлшек бизнестің басқа түрлеріне қарағанда банктің жоғары маржасымен ерекшеленеді. Былтыр сондай-ақ, несие қоржынында күмәнді және сенімсіз несиелер үлесі 5,2-ден 2,8 пайзыға дейін қысқарып, қоржын сапасының жақсаруы жалғасты.