HP компаниясы ISS өнімдерге арналған сервистік қызметін кеңейтті

АЛМАТЫ. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда НР компаниясы ISS өнімдерге арналған сервистік қызметін кеңейткенін мәлімдеді,

HP компаниясы ISS өнімдерге арналған сервистік қызметін кеңейтті
деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жаңа «CarePack Call-to-Repair» қызметі корпоративтік сектор мен шағын және орта бизнестегі тапсырыс берушілерге арналған. Ол қазіргі таңда Астана мен Алматы қалаларында қолжетімді болып отыр. Енді белгіленген уақытта тапсырыс берушілерге жөндеу қызметінің мамандары өздері барып олардың НР құрал-жабдықтарын келесі жұмыс күніне дейін қалпына келтіреді. Бұл үшін қосымша бөлшектер қоймасы ұйымдастырылып отыр. «НР компаниясы тапсырыс берушілерге қызмет көрсетудің сапасын көтеру мен көрсетілетін қызмет қоржынын кеңейтуге ерекше мән береді. Бұл қазақстандық тапсырыс берушілер үшін компанияның сервистік ұсыныстарды дамыту стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Жаңа сервистің енгізілуі тапсырыс берушілерге қызмет көрсетудің деңгейін көтеріп, олардың мәселелерін шешуде тіл табуға мүмкіндік береді», - дейді Қазақстандағы НР технологиялық шешімдер тобының директоры Александр Рой.Ақпараттық технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі саналатын НР компанияның Қазақстанда жұмыс істеп жатқанына биыл 10 жыл толады. Оның өнімдер мен шешімдер қоржынында ? принтерлер, арнайы компьютерлер, бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық технологиялық шешімдер мен сервис бар.