Храпунов пен Рысқалиевтер ел бюджетіне аса ірі залал келтірді - Қаржы полициясы
АСТАНА. 7 тамыз. ҚазАқпарат - Өткен бір жарым жылдың ішінде қаржы полициясы 25 ұйымдасқан қылмыстық топ пен 1 қылмыстық қауымдастықтың қызметін әшкереледі.
Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.
Оның хабарлауынша, аталған қылмыстық топтардың құрамында 180 адам болған. Осы уақытқа дейін олардың 20-сы сотталған. Соңғы жылдары ұйымдасқан қылмыстық топтар экономика және қаржы салаларына белсенді араласуда, қайтарылмайтын несиелер алу үшін пайдаланатын жалған фирмаларды тіркеу, салық төлеуден жалтару және заңсыз жолмен табылған ақша қаражатын қолма-қол ақшаға аударумен айналысады. «Мемлекет пен азаматтарға ең ірі залалды Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің ұйымдасқан қылмыстық қауымдастығы және Храпуновтардың ұйымдасқан қылмыстық тобы келтірген», - деп атап көрсетті М..Жұманбай.