Храпуновтардың үстінен қозғалған қылмыстық іс сотқа жіберіледі

Оның айтуынша, шетелде жүрген Виктор Храпуновты тергеуге шақыру туралы хабарламаның бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуі күдіктіні құлақтандыру мақсатында жасалған. Осыған орай күдікті 2017 жылдың 17 қазаны күні сағат 15-00-ге дейін Ұлттық бюро ғимаратына келуі тиіс болатын. Алайда ол келмеді.
«Храпуновтарға қылмыстық топты ұйымдастыру және басқару, пара алу, қылмыстық жолмен алынған ақшаны қолма-қол ақша айналдыру фактілері бойынша күдік келтірілуде. Олардың заңсыз жолмен алған кірістерінің жалпы сомасы 250 млн АҚШ долларынан асып жығылады. Олармен қатар қылмыстық жауапкершілікке Виктор Храпуновқа бұрынғы бағыныштылар мен Ләйля Храпуноваға тиесілі компаниялардың басшылары, жалпы 14 адам тартылуда. Барлық фактілер бойынша тергеу амалдары жүргізілді және қазан айының соңына дейін 28 эпизод бойынша қылмыстық іс Храпуновтарды сырттай соттау үшін сотқа жіберіледі», - деді Кексель.