16:20, 12 Қараша 2012 | GMT +5
Хромтауда волейболдан ерлер командалары арасында ел чемпионатының 1-ші туры өтіп жатыр
АЛМАТЫ. 12 қараша. ҚазАқпарат - Кеше волейболдан Хромтауда өтіп жатқан Ұлттық лигадағы ерлер командары арасындағы ХХІ Қазақстан чемпионатының 1-ші турындағы алғашқы кездесуінде 3 бірдей команда жоғарғы ұпайға ие болды.
Онда өскемендіктер («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс») оралдықтарға («Конденсат») 0:3, хромтаулықтар (ТНК Қазхром») павлодарлықтарға 1:3 боп ұтылып, атыраулықтар қызылжарлықтардан («Есіл») 3:1 есебімен басым түсті. Жанкүйерлер үшін өткен маусымда көш соңында қалып қойған оралдықтардың чемпионаттың қола жүлдегерінен 3 ұпай олжалауы басты жаңалық болды. Бүгін енді олар атыраулықтармен, ал павлодарлықтар өскемендіктермен, алматылықтар хромтаулықтармен кездеседі.