Хруничев атындағы Орталықтың үш басшысы «Протон» апатына байланысты жұмыстан босатылды

АСТАНА. 23 тамыз. ҚазАқпарат - "Протон-М" тасығыш-зымыранның апатқа ұшырауына байланысты М.В.Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталықтың үш жоғары санаттағы қызметкері өз лауазымдарынан босатылды.

Хруничев атындағы Орталықтың үш басшысы «Протон» апатына байланысты жұмыстан босатылды

РБК хабарлағандай, үкіметтік комиссия жұмысының қорытындысы бойынша, ұйымда өз қызметтерін тиісті деңгейде орындамағандары үшін бас директордың сапа жөніндегі орынбасары Александр Кобзарь, түпкілікті жинақтау цехының бастығы Валерий Греков және техникалық бақылау бөлімінің бастығы Михаил Лебедев қызметтерінен босатылды.

Еске сала кетейік, 3 ГЛОНАСС серігі бар "Протон-М" тасығыш-зымыранның апаты 2013 жылғы 2 шілде күні таңертең ерте Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшыру кезінде орын алған. Осы оқыс оқиға салдарынан ракета жерге құлап жарылды. Сарапшылардың бағалауы бойынша, шығын 4 млрд. рубльдан асып жығылады.

Роскосмос басшысының орынбасары Александр Лопатин жетекшілік еткен комиссия, апат, зымыранның бұрыштық жылдамдықтардың алты құрылғысының (датчик) үшеуінің дұрыс бекітілмеуі салдарынан орын алған. Құрылғылар М.В.Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталықтың кәсіпорындары қызметкерлерінің бірімен теріс орнатылған.

Тамыз айының басында РФ вице-премьері Дмитрий Рогозин, "Протон" апатын зерттеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында апат салдары үшін Роскосмостың шенеуніктері де жауап беруі тиіс деп мәлімдеді.