Хуан Мануэль Маркес: Головкинмен кездесуден бас тартқан Альварес сенімнен айырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Төрт салмақ дәрежесінде әлем чемпионы болған Хуан Мануэль Маркестің пікірінше, Сауль Альварестің Геннадий Головкинмен айқасудан, яғни WBC атағын қорғаудан бас тартуы оның абырой-беделіне айтарлықтай нұқсан келтірді, деп жазды Sports.kz.

Хуан Мануэль Маркес: Головкинмен кездесуден бас тартқан Альварес сенімнен айырылды

 «Канело Альварес өте жақсы жұмыс істеді, ол жұлдыз болу үшін тер төкті, танымалдылығын айтарлықтай арттырды.  Бірақ, сенімге ие болу үшін жұмыс істеу - бөлек әңгіме, себебі ол кездескен қарсыластар өз деңгейіне лайық емес және оның бұл шешіміне жанкүйерлері наразы.

Сенім оның басты мәселесі, себебі оған Головкинге қарсы шығып, орта салмақта атақ қорғау әлдеқайда маңызды еді, бірақ жекпе-жекке шығудан бас тартты. Енді қайда барса да, өзі туралы сынның астында қалып жүр», - деді Boxingscene.com сұхбат берген Маркес.