Huawei компаниясы Қазақстанның теміржол желісін цифрландыруға көмектеседі

None
СИАНЬ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Huawei Technologies компаниясының басқарма төрағасы Лян Хуаны қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Президентке телекоммуникация саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірінің Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға қатысты алдағы жоспары таныстырылды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Huawei» мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының теміржол желісін цифрландыру және жаңа технологияларды пайдалану жөніндегі бірлескен жобаны іске асыру жоспары туралы мәлімет берілді.

Лян Хуа «Huawei» компаниясы кең жолақты қолжетімді интернетті дамытуға және Қазақстанның өңірлік цифрлық хаб ретінде қалыптасуына қатысты зерттеулерді қаржыландырғанын айтты.

Мемлекет басшысы «Huawei» ақпараттық-коммуникациялық технологиялар академиясының базасында IT-технология саласы бойынша білікті қазақстандық мамандарды даярлау жөніндегі жобаны жүзеге асыруды құптады.


Соңғы жаңалықтар