Hubble телескопы екі галактиканың соқтығысуын түсіріп алды
АСТАНА. Қазанның 14-і. ҚазАқпарат - Hubble ғарыш телескопы тағы бір ғаламат ғарыш құбылысын - Күн жүйесінен 2502 миллион жарық-жыл қашықтығындағы екі ірі спиральды галактиканың соқтығысуы құбылысын түсіріп алды.
Бір қарағанда, суретте бір ғана галактика көрінеді, бірақ іс жүзінде - ол қосылу үдерісі аяқталып келе жатқан екі галактика, дейді ғалымдар. Бұл туралы Utro.ru сайты хабарлап отыр.
NASA-дағылардың айтуынша, екі галактиканың орталықтары бір өзекке айналып біткен, жаңадан түзілген NGC 2623 деп аталатын нысанның перифериялық аумақтары бір-біріне секундына 250 шақырымнан астам жылдамдықпен екпіндеп келеді.
Оған қоса, біріккен нысанның ішінде жаңа жұлдыздардың белсенді түзілу үдерістері басталуда, дейді ғалымдар.