«Худой» деген лақап аты бар қылмыстық ортаның «беделдісі» ұсталды - ҚР ІІМ

АСТАНА. Қазанның 19-ы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Өткен аптада ҚР Ішкі істер органдарының қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісін және 2 қатысушысын қолға түсірді.

 «Худой» деген лақап аты бар қылмыстық ортаның «беделдісі» ұсталды - ҚР ІІМ

 Бұл туралы бүгін журналистерге брифинг барысында ІІМ Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қ. Жұмановтің атап көрсеткеніндей, Қарағанды облысында қылмыстық ортада «Худой» лақап атымен танымал ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі ұсталды. Тінту барысында одан 1,5 грамм героин есірткісі табылды.

Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысының ІІД-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқарамсының қызметкерлері Ресейдің ІІМ-мен бірлесе отырып, Краснодар өлкесінде Ақмола облысының 27 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Ол бұдан бұрын кәмелетке толмаған балаларды сатқаны үшін мемлекетаралық іздеуге жарияланған болатын.

Жалпы апта ішінде құқық қорғаушылар ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша 14 қылмыстық іс қозғады.