05:05, 10 Наурыз 2017 | GMT +5
Худжантты айналып жүрген ұшақ жерге қонды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Арнайы Flightradar порталының мәліметтерінше, осы уақытта Тараздан Мәскеуге ұшып шыққан ұшақ Худжант әуежайына сәтті қонды, деп жазады ТАСС.

Айта кетейік, штаттан тыс жағдай тәжікстандық Tajik Air әуе компаниясының TJK645 рейсімен Худжант - Тараз - Мәскеу бағытымен ұшып бара жатқан ұшақта болған еді. Бұны арнайы мамандандырылған Airlive порталының мәліметтері де растады.
Осы оқиғаға қатысты мәліметтерде лайнердің Тараздан ұшып шыққан соң бағытын өзгертіп, Худжантқа оралып, қонардың алдында әуеде айналып жүргендігі айтылады.
Осыған дейін Домодедово әуежайының онлайн-таблосындағы ақпараттарда ұшақтың Мәскеуге сағат 21:25-да қонуы қажеттігі, алайда оның бөгеліп жатқандығы айтылған болатын. Мәскеу әуежайына ұшақ сағат 02-59-да жетуі тиіс.