Хулио Сезар Чавес: «Канело Головкиннің қартаюын күтеді»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атағы жер жарған боксшы Хулио Сезар Чавес Геннадий Головкиннің Келл Брукпен жекпе-жек өткізу туралы шешіміне пікір білдірді, деп жазады Sports.kz.

Хулио Сезар Чавес: «Канело Головкиннің қартаюын күтеді»

«Ешкімнің Головкинмен жұдырықтасқысы келмейді, ал ол өз кезегінде, әлдеқайда мықты қарсыластар табылатын екінші орта салмаққа өткісі келмейді. Сондықтан оған жартылай орта салмақтағы Келл Брукпен кездесу үшін қомақты қаражат ұсынды», - деп Boxingscene.com. үлкен Чавестің сөзін келтірді.

Сонымен бірге, мексикандық бокс ардагері Геннадий мен Сауль Альварестің арасында болуы мүмкін жекпе-жек туралы өз ойын білдірді, олардың жекпе-жегіне салмақ мәселесі кедергі келтірген еді.

 «Кейде 1 фунттың қалай маңызды болатынын жақсы білеміз. Тіпті 50 грамның өзі атақтан айыруы мүмкін. Егер тән әлсіресе, күш-қуат қалмайды. Канело Головкиннің қартайғанын күтеді», - деді Хулио Сезар.