Хулио Сезар Чавес: «Канелода Головкинді жеңуге мүмкіндік бар»
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аты аңызға айналған боксшы Хулио Сезар Чавес Геннадий Головкинмен болуы мүмкін кездесуде Сауль «Канело» Альварестің күш-қайратына баға берді, деп жазды Sports.kz.
- Менің ойымша, бұл айқаста Канелоның жеңуі әбден мүмкін, бірақ олардың қашан кездесерін кім білсін. Канелода GGG жеңетін жақсы мүмкіндіктер бар. Әңгіме тек қимыл-қозғалыста ғана емес, Канелоның күші де басымырақ, - деді Чавес Tha Boxing Voice берген сұхбатында.