Хусаинов кәсіби рингтегі алтыншы жеңісін нокаутпен аяқтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Монреальдағы бокс кешінде қазақстандық Абылайхан Хусаинов (5-0, 4 КО)  мексикалық Кристиан Аррасоламен (23-13-2, 16 КО) кездесті, деп хабарлайды Sports.kz.

  Хусаинов кәсіби рингтегі алтыншы жеңісін нокаутпен аяқтады

Қазақстандық қарсыласына қарағанда басым екендігін ә дегеннен білдірді. Ол екінші раундта, яғни 2 минут 38 секундта Аррасоланы нокаутқа түсірді.

Бұл  Хусаиновтың кәсіби рингтегі алтыншы жеңісі болды.