Хуситтер АҚШ-тың Harry Truman ұшақ тасығыш кемесіне соққы жасады
АСТАНА. KAZINFORM – Йемендік «Ансар Аллах» қозғалысы АҚШ-тың Йемен территориясын атқылауына жауап ретінде Harry Truman ұшақ тасығыш кемесіне бірқатар соққы берді. Бұл туралы көтерілісшілер жасақтаған қарулы күштердің өкілі Яхья Сариа мәлімдеді, деп жазады ТАСС.

– Қарулы күштер АҚШ-тың агрессиясы мен бейбіт тұрғындарды қырып-жоюына жауап ретінде “Harry Truman” әуе тасымалдаушы кемесіне және оны алып жүрген әскери кемелерге бірлескен әскери-теңіз күштері, әскери-әуе күштері және зымыран күштерінің операциясы аясында шабуыл жасалды, – деді Сариа хуситтерге тиесілі Al Masirah телеарнасының эфирінде.
2023 жылы Газа секторындағы жағдай шиеленіскеннен кейін, хуситтер Израиль аумағына шабуыл жасайтынын және Израильмен байланысы бар кемелердің Қызыл теңіз бен Баб-эль-Мандеб бұғазынан өтуіне жол бермейтінін мәлімдеген еді.
2025 жыл 15 наурызда АҚШ президенті Дональд Трамптың бұйрығымен АҚШ қарулы күштері Йемендегі хуситтердің бақылауындағы нысандарға жаппай әуе соққыларын бастады. АҚШ Орталық қолбасшылығы бұл операцияның мақсаты — америкалық мүдделерді қорғау және Қызыл теңіздегі кемелердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету екенін түсіндірді.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың Йеменге жасаған соққысынан 68 адам қаза тапқанын жаздық.
АҚШ әскери күштері соңғы бір апта ішінде Йемен аумағына кем дегенде 260 әуе соққысын жасады.