Хуситтер Еуропа мен Азияны байланыстыратын суасты интернет сымдарын зақымдады

АСТАНА. KAZINFORM – Хуситтердің «Ансар Аллах» қозғалысының Қызыл теңіздегі кезекті шабуылы салдарынан Еуропа мен Азия арасындағы интернет байланысын қамтамасыз ететін төрт суасты байланыс кабелі зақымданды, деп хабарлайды Globes.

Хуситы, Красное море, Ближний Восток, сухогруз, судно, танкер, корабль
Фото: aa.com.tr

AAE-1, Seacom, EIG және TGN кабельдерінің зақымдануы Еуропа мен Азия арасындағы интернет байланысын үзді, бірақ негізгі шығынға Парсы шығанағы елдері мен Үндістан ұшырады.

Сарапшылардың бағалауынша, зақымды қалпына келтіруге сегіз апта уақыт кетуі мүмкін. Азия, Африка және Еуропаны байланыстыратын басқа кабельдер бір аумақ арқылы өтіп, зақымданбағандықтан, көптеген сарапшылар зақымдануды маңызды деп санамайды.

Еске сала кетсек, қаңтар айында АҚШ пен Ұлыбританияның ұшақтары мен әскери кемелері Иранның қолдауымен Қызыл теңіздегі сауда кемелеріне шабуыл жасаған Йемендегі көтерілісші хуситтер тобына соққы бере бастады.

19 ақпанда Еуропалық Одақ Қызыл теңіздегі кемелерді қорғау үшін Қызыл теңізде Aspides операциясын бастады.

Хуситтердің кім екені және олар Израильге бет алған кемелерге неліктен шабуыл жасайтыны туралы бұған дейін жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар