Хуситтер Тель-Авивтегі Бен Гурион әуежайына шабуыл жасады
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Йемендік хусит көтерілісшілері Тель-Авивтегі Бен-Гурион әуежайының маңында зымыран ұшырды, деп хабарлайды Kazinform Euronews арнасына сілтеме жасап.

IDF зымыранды ұстап алуға бірнеше әрекет жасалғанын, бірақ бәрі сәтсіз болғанын айтты. Бұл оқиға бойынша тергеу басталды.
Жарылыс салдарынан үш адамның жеңіл жарақат алғаны хабарланды.
Газа секторында соғыс басталғаннан бері хуситтер Израильге жүйелі түрде зымырандарды ұшырғанын атап өтті. Бірақ бұған дейін израильдік БАҚ хабарлағандай, олар әрқашан сәтті ұсталды.
Ұлттық бірлік партиясының төрағасы Бенни Ганц X аккаунтында хуситтермен одақтас Иранды зымыран ұшырғаны үшін жауапқа тартуға шақырды.
– Бұл – Йемен емес, бұл – Иран. Олар Израиль мемлекетіне баллистикалық зымырандарды ұшырып жатыр және Иран тарапы жауапқа тартылуы керек, - деп жазды бұрынғы қорғаныс министрі.
Surveillance camera footage shows the moment of the Houthi missile impact at Ben Gurion Airport.
— Emanuel (Mannie) Fabian (@manniefabian) May 4, 2025
The missile struck a grove adjacent to an access road, within the airport's perimeter. pic.twitter.com/AUyQwKrEOy
Бұған дейін Иран порттағы жарылысқа зымыран отынының қатысы болуы мүмкін деген болжамды жоққа шығарды.