Хуситтер Йемен президентінің сарайын басып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні Йеменнің Аден портты қаласында орналасқан "Эль-Маашик" президент сарайын хуситтер басып алды, деп хабарлайды Би-би-си.
None
None

Мемлекет басшысының резиденциясы Мансұр Хадиді жақтайтын қала тұрғындарымен болған атыстан кейін басып алынған.

Айта кетейік, Йеменде бір аптадан бері әскери операция жүріп жатыр. Онда ел президентін жақтайтын Сауд Арабиясы бастаған Парсы шығанағы елдерінің әскери күштері әрекет етуде. Олар көтерілісші хуситтердің қарамағына өткен елдің басым территориясын қайтарып алмақ.

Соңғы жаңалықтар