ХВҚ 2010 жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстан экономикасы қалпына келеді деп есептейді
АСТАНА. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) 2010 жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстан экономикасы қалпына келетінінен үмітті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Әлемдегі басқа да елдердің экономикасы сияқты Қазақстан экономикасына да дағдарыстың салқыны тиді. Егер Қазақстан Үкіметінің қабылдап жатқан барлық шаралары іске жарап жатса, онда 2009 жылы ел экономикасының алдында тұрған күрделі міндеттердің шешілетініне сенімдімін. Біз 2010 жылдың бірінші жарты жылдығында әлем экономикасы көтеріледі деп болжап отырмыз. Оның ізін ала Қазақстан экономикасы тез қалпына келетінінен үміттіміз», деді бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовпен кездесуінен кейінгі баспасөз мәслихатында Халықаралық валюта қорының реттеуші-директоры Доминик Стросс-Кан.
Доминик Стросс-Кан экономикасы дамыған көптеген елдерде капитал ағыны тоқтап қалғанын атап өтті. «Қазақстан Үкіметінің капитал ағынын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдап жатқанын естіп қуанып отырмын. Қытайды қосқанда, елдің бәрі әріптестер іздестіруде. Бұндай шаралар Халықаралық валюта қоры тарапынан да Қазақтан экономикасына шетелдік инвестициялардың көлемін бұрнағы жылдардың деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», деді ол.