08:18, 08 Шілде 2016 | GMT +5
ХВҚ: 2020 жылға қарай мұнай баррелінің бағасы 75 долларға дейін көтеріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық валюта қорының болжауынша, 2020 жылға қарай мұнай бағасы 58-75 долларға дейін өсуі мүмкін. Бұған қордың жұмыс құжаттары дәлел, деп хабарлады ТАСС.
«ОПЕК нарықтың 42 пайызын қамтып отыр, 35 пайызы қарсы. ОПЕК үшін болашақта нарықтың теңесуіне қол жеткізу пайдалы», деп жазылған құжатта.
ХВҚ мәліметтеріне сәйкес, егер АҚШ-та қатпарлы мұнай өндірудегі демпингке қатысты шығындар қысымы сақталса, 2020 жылға қарай ОПЕК-тің 41% үлесімен мұнай баррелінің нарықтық бағасы 58 доллар болуы мүмкін.