03:32, 20 Ақпан 2016 | GMT +5
ХВҚ басшылығына Кристин Лагард қайта сайланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық валюта қоры директорлар кеңесі Кристин Лагардты ұйым басшысы қызметіне қайтадан сайлады. Ол ХВҚ-ны 5 шілдеден бастап тағы да бес жыл басқарады, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Директорлар кеңесінің жетекшісі Алексей Можинның айтуына қарағанда Кристин бес жылда «мықты әрі салиқалы басшы» болған. «Қазіргі әлемдік экономиканың қиын кезеңінде Кристин ханым қор қатысушыларына қолдау көрсету мүмкіндігін нығайтты», - дейді А.Можин.
Бұған дейін К.Лагардтың қайта сайлануына Германия, Қытай, Франция, Корея және басқа да елдердің басшылары қолдау білдірген еді. Байқаушылар К.Лагардқа тең келетін бәселес болмады деп отыр.