ХВҚ басшысы Кристин Лагард «Тапи ісі» бойынша айыпталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияда Халықаралық валюта қорының директоры Кристиан Лагардқа айып тағылды. Бұл туралы Agence France-Presse хабарлады.
None
None

Ол Николя Саркози президент болған кезде қаржы министрі орынтағында қылмыстық әрекетке барды деп күдіктелген. Лагардтың өзі агенттікке бұрынғы қызметіне байланысты тағылған айып үшін ХВҚ басшылығы орынтағынан отставкаға кетуге ниеті жоқ екендігін мәлімдеді.

Кристин Лагард «Тапи ісі» бойынша айыпталды. 1990 жылы бизнесмен Бернар Тапи француздық «Лиондық кредит» қаржы орталығының еншілес банкісінен «Адидас» компаниясындағы үлесін сатып алуға ақша алған. Ал 1993 жылы сол «Лионский кредит» консорциум құрады, онда Тапидің тапсырмасы бойынша оның «Адидастағы» үлесін сатып жібереді. Негізінен, тергеу бойынша, банк офшорлық сызба көмегімен компанияны өзіне сатқан.

2003 жылы Бернар Тапи консорциум он жыл бұрын сату бағасын арзандатқан бизнесменнің нұсқасы бойынша банктен өтемақы талап еткен. Сол уақытта «Лиондық кредит» ішінара үкіметтің бақылауына көшкен еді. Сондықтан дауды сол кезде Лангард басқарған қаржы министрлігі қарап, ақыр соңында талапарызды жеке төрелік комиссияға береді. Нәтижесінде бизнесмен 403 миллион еуро мөлшерінде өтемақы алады. Социалистер Саркози әкімшілігін қаржылық айла-шарғы жасады деп айыптады, сайлауда жеңіп шыққаннан кейін Франсуа Олланд осы іс бойынша тергеуге бастамашылық етті.

Соңғы жаңалықтар