ХВҚ Еуропада қарыз дағдарысының туындау қаупі туралы мәлім етті

АСТАНА. 20 шілде. ҚазАқпарат - Халықаралық валюта қоры, егер тез арада Грекияның қарыз дағдарысы проблемасы шешімін таппаса, Еуропада қарыз дағдарысының туындауы ықтимал екенін мәлім етті. Бұл туралы Utro.ru сайты хабарлайды.

  ХВҚ  Еуропада  қарыз  дағдарысының  туындау қаупі  туралы мәлім етті

Қор сарапшыларының айтуынша, егер жақын арада Грекиядағыдай қаржы проблемасының еуроаймақтың басқа елдерінен таралуының алды алынбаса, жағдай қазіргіден де бетер ушығуы ықтимал.

Халықаралық валюта қоры сарапшылары, Еуропадағы дағдарыстың жаһандық салдары болуы мүмкін екенін айтуда.