ХВҚ қазан айында әлемдік экономиканың дамуы бойынша болжамды 3,3 пайыздан 2,9 пайызға дейін төмендетті -Е. Досаев

Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
«Есепті кезеңде әлемдік экономиканың баяу қалыпқа келуі байқалды. Биылғы бірінші жартыжылдықта АҚШ-тың ішкі жалпы өнімінің өсімі орташа алғанда 1,5 пайызды құрады. Қазақстан экспортының 50 пайызы тиесілі Еуроаймақ экономикасының өсімі биылғы екінші тоқсанында 0,5 пайызды құрады»,-деді министр.
Ал, Қытай экономикасының өсімі 7,5 пайыздық жоғары деңгейде болса да, болжанған деңгейден төмендеді. Сонымен қатар Ресейдің де экономикасы тежелді.
«Соңғы үрдістерге байланысты қазан айында халықаралық валюта қоры әлемдік экономиканың өсімі бойынша болжамды 3,3 пайыздан 2,9 пайызға дейін төмендетті.