ХВҚ Қытайдағы юань девальвациясына қатысты сараптама қорытындысын жариялады
Қытайдағы миссия жұмысының қорытындыларын шығарған Родлауэрдің айтуынша, қор қызметкерлері Қытайдағы экономикалық ахуалға сараптама жасаған. ХВҚ болжамына сәйкес, елдің 2015 жылғы ЖІӨ өсімі 6,8 пайыз, ал 2016 жылы 6,3 пайыз деңгейінде болмақ.
«Біз тұтастай алғанда, Қытайдың 2-3 жылдың ішінде валютаның тиімді құбылмалы бағамына қол жеткізе алатынына сенеміз», - деді Родлауэр.
Егер ҚХР реформалау бағытынан бас тартса, 2020 жылға дейін экономика өсімі ЖІӨ-нің шамамен 5 пайызы деңгейіне дейін бәсеңдейді», - делінген ХВҚ жасаған сараптамада.
Бұған лейін Халықаралық валюта қоры Қытай Ұлттық банкінің юаньнің девальвациясы туралы шешімін қолдаған болатын.
ҚХР Халық банкі сейсенбі күні юаньнің долларға қатысты бағамын 1,9 пайызға, сәрсенбі күні - 1,62 пайызға, ал бейсенбіде - тағы 1,1, пайызға төмендеткен.