І «Алматыдағы жарнама және PR» деп аталатын студенттік фестиваль өтеді

АЛМАТЫ. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда наурыздың 30-31 күндері «Алматыдағы жарнама және PR» деп аталатын жоғары оқу орындары арасындағы І студенттік фестиваль өтеді,

І «Алматыдағы жарнама және PR» деп аталатын студенттік фестиваль өтеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оны «Кар-Тел» ЖШС мен Қазақстанның менеджмент, экономика және болжау институтының (ҚМЭБИ) журналистика және PR факультеті бірігіп ұйымдастырып отыр. Фестиваль кезінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, «Жарнама индустриясындағы инновациялық тұжырымдама: тәжірибе және cases» деп аталатын пленарлық мәжіліс өтеді. Сондай-ақ студенттер байқауының қорытындысы шығарылып, «Advertising magazine» журналының шеф-редакторы Аружан Жазылбекова, «Business Resource» медиа-холдингінің президенті Олег Хе, З1 телеарнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасының бас продюсері Ержан Сүлейменов, «Сomputerclub magazine және КИТ» журналының бас редакторы Александр Васильев және тағы басқа да мамандар шеберлік дәрістерін өткізбек.