І. Бақтыбаев Конституциялық Кеңестің мүшесі болып қайта тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары Ілияс Жақыпбекұлы Бақтыбаевты ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі қызметіне тағайындады.

І. Бақтыбаев Конституциялық Кеңестің мүшесі болып қайта тағайындалды

Конституцияға сәйкес, Парламенттің әр палатасы ҚР Конституциялық Кеңесінің екі мүшесін қызметке тағайындайды. Ал Кеңестің мүшелігіне кандидатты Палата Төрағасы ұсынатын болады.

Осыған орай, Мәжіліс спикері Н. Нығматулин Ілияс Бақтыбаевты Конституциялық Кеңес мүшелігіне тағайындау туралы ұсыныс жасады. Ескере кететін жайт, І. Бақтыбаев бұған дейін де Конституциялық Кеңестің мүшесі қызметін атқарып келген болатын және өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты оның қызметі тоқтатылған.

Палата депутаттары Мәжіліс Төрағасының І. Бақтыбаевты Конституциялық Кеңес мүшесі қызметіне тағайындау туралы ұсынысын бір ауыздан қолдап дауыс берді.