І Дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 100 жыл: Әлем елдері басшылары бас қосты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына орай Парижде салтанатты шара болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews-қа сілтеме жасап.
Салтанатты шараға жетпіске тарта мемлекеттің, үкіметтер мен БҰҰ, НАТО секілді халықаралық ұйымдардың басшылары, Еуропалық кеңес пен Еуропалық комиссияның төрағалары қатысты.
1914-1918 жылдар аралығында өткен Бірінші дүниежүзілік соғысы жайлы салтанатты шараның иесі ретінде Франция президенті Эммануэль Макрон сөз сөйледі. Дәл осы Францияның аумағында соғыстың шешуші шайқастары өтіп, 11 қараша күні таңертең бітімге келу туралы келісімге қол қойылған болатын. Ол келісім Германия империясының толығымен капитуляциясын және соғыстың аяқталғанын білдірген болатын. Осы келісімнен кейін Германияда халықаралық конференция ұйымдастырылып, соғыстан кейінгі жаңа әлемнің құрылымы талқыланған еді.
Франция президенті Германия канцлері Ангела Меркельмен қатар жүру арқылы 1914-1918 жылдар аралығында бір-біріне бітімсіз қарсы соғысқан державалардың тіл табысқанын, достасқанын паш етті.
Шара қонақтарының арасында АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин де болды.