И. Ильин ауыр атлетикада теңдессiз спортшы екенiн тағы бiр мәрте дәлелдедi - А.Мұхамедиұлы

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Илья Ильинді Грозный қаласында өткен Ауыр атлетикадан РФ Кубогы үшін болған жарыста қол жеткізген аса ірі жеңісіне орай құттықтады.

И. Ильин ауыр атлетикада теңдессiз спортшы екенiн тағы бiр мәрте дәлелдедi - А.Мұхамедиұлы

«Сiз ауыр атлетикада теңдессiз спортшы екенiңiздi тағы бiр мәрте дәлелдедiңiз»,-деп атап өтті өз құттықтауында министр. «Күллi әлем көз тiгiп отырған байрақты бәсекеде қатарынан екi бiрдей Әлем рекордын жаңарттыңыз! Сiздiң әр жеңiсiңiз ел мерейiн асқақтатып, жастардың спортқа деген құлшынысын арттырады. Жеңiсiңiздi Тәуелсiздiк күнiне арнадыңыз. Бұл орны бөлек, ерекше сый деп бiлемін».

ҚР Мәдениет және спорт министрі саңлақ спортшының 2016 жылы Рио-де-Жанейро Олимпиадасында жасындай жарқылдауына тiлектестігін білдірді.