И.Ильин: Келесi белес - Рио

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыр атлетикадан Әлемнiң төрт дүркiн чемпионы, екi мәрте Олимпиада чемпионы Илья Ильин Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте келесi басты мақсат - 2016 жылы Рио-Де-Жанейрода өтетiн Олимпиадада жеңіс тұғырына көтерілу екендiгiн атап өттi.
None
None

"Бойымды мақтаныш пен жауапкершiлiк кернеп барады, себебi жұмысымды керемет орындап шықтым. Барлығы ойдағыдай. Адамдар бiр қуаныштың айналасында жұмылды. Бұл мен үшiн маңызды. Бiр белестi асырдық. Ендi Риоға дайындалу қажет. Бұл тек өтуге тиiс келесi асулардың бiрi. Менiң алдымда ғана емес, барша ел алдында тұрған мақсат", - дедi чемпион.

Айта кетейiк, Илья Ильин Алматыда өткен ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын олжалады. Бұдан бұрын ол 2005, 2006 және 2011 жылдары әлем чемпионы атанған болатын. Сонымен қатар Илья Ильин екi дүркiн Олимпиада чемпионы (2008, 2012).

Соңғы жаңалықтар