12:28, 26 Сәуір 2013 | GMT +5
И. Каримов АҚШ мемлекеттік хатшысы көмекшісімен Ауғанстандағы жағдайды талқылады
АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Өзбекстан Президенті Ислам Каримов АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісімен кездесті.

Тараптар аймақтық және халықаралық саясаттың көкейкесті мәселелері және Ауғанстанның қазіргі ахуалы төңірегінде пікір алмасты.
Өзбекстан президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, И. Каримов екі жақтың күш-жігерінің арқасында өзбек-америкалық қарым-қатынас тұрақты және ұзақ мерзімді сипатқа ие болып отырғанына тоқталған.
АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі өз кезегінде түрлі салалардағы жан-жақты жоспарлы әріптестікті одан әрі тереңдету бағытында АҚШ билігі бірлесе жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізген.