И. Тасмағамбетов: 11 апатты үйдің тұрғындары Жаңа жылды жаңа пәтерде қарсы алады

АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Елордада 11 апатты үйдің тұрғындары Жаңа жылды жаңа пәтерде қарсы алады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов айтты.
None
None

«Ағымдағы жылы бізде 189 пәтерлі 2 көппәтерлі тұрғын үй кешені дайын болып, оған 11 апатты үйдің тұрғындары көшіріледі. Көшіру үрдісі басталды. Менің ойымша, апатты үйлердің тұрғындары жаңа жылды жаңа пәтерде қарсы алады», - деді И.Тасмағамбетов.
Айта кетейік, жалпы Астанада жалпы аумағы 150 мың шаршы метрді құрайтын 228 апатты тұрғын үй бар. Олардың 2020 жылға дейін жою көзделіп отыр. Бұл шара әкімдік тарапынан қабылданған арнайы бағдарлама арқылы жүзеге асырылады. Оған сәйкес апатты үй иесіне тұрып жатқан адамдардың санына қарамастан бұзылатын баспанаға балама шаршы метрлік пәтер ұсынылады. Бірақ бұл үйлердің нарықтық құны апатты жағдайдағы үйлердің бағасымен тең болмайды. Бұдан ары пәтерлердің 70 пайызы нарықтық бағамен сатылады.

Соңғы жаңалықтар