И.Тасмағамбетов Астана күніне арналған шараларға билеттердің неліктен қымбат екендігін, шақыру билеттер кімдерге берілетіндігін айтып берді

Елордалық тұрғын қала басшысының жеке блогына Астана күнін мерекелеуге дайындықтың деңгейіне қанағаттанбайтындығын білдірді. «Іс-шараларға бағалар негізсіз қымбаттатылған, билеттер жоқ, себебі, кіру тек шақыру билеттермен жүзеге асырылады. Өткен жылы билеттер шенеуніктер мен мемлекеттік құрылымдардың өзге қызметкерлеріне таратылғаны есімізде», - деп жазған ол.
Өз кезегінде И.Тасмағамбетов тұрғынның әрбір сұрағына егжейлі-тегжейлі жауап берді.
«Іс-шараларға негізсіз шарықтатылған бағалар бойынша. Біз билеттерді сату тәжірибесін төрт жыл бұрын енгіздік және бағалар сұраныс пен ұсыныстың негізінде қойылады. Бүкіл әлемде демалысты ұйымдастыру - бұл да нарықтық экономика.
Негізінде, бізде мереке ұғымы кеңестік дәуірден жатып ішерліктің, ірі шығындардың синониміне айналды. Бізді мерекелеуге кететін шығынды, экономикалық тиімділікті есептеуге үйретпеген.
Иә, концерттерге билеттер сатылатын болады. Бұл әлемдік тәжірибе. Себебі билетті бұл іс-шараны бағалайтын және оған міндетті түрде баратын адам сатып алады.
Біз мұндай іс-шаралар барысында шағын және орта бизнес үшін жақсы мүмкіндіктер ашылатындығын бірнеше мәрте айтқан болатынбыз. Олардың тапқан табысы тікелей айналымға кетеді. Біреулер қарыздарын өтесе, екіншісі несиелерін жабады. Бұл ретте, банктердің жұмысы жандана түседі. Ал мұның барлығы қалалық қазынаға түсетін - салықтар. Ал олар қаланың проблемаларын шешуге жұмсалатындығын айтудың қажеті жоқ.
Біз неге билеттерді таратпаймыз? Себеп - екеу. Бізден билеттерді бумасымен алып кеткендер, кейін іс-шараларға келмей қалатын. Біріншісімен тығыз байланысты екінші себеп - әртіс үшін жартылай бос залды көру халық оның шығармашылығын бағаламайтындығын білдіреді.
Шақыру билеттеріне келсек. Бізде кіру тек қана шақыру билеттер арқылы болатын бір ғана іс-шара бар. Бұл әлеуметтік жоба - әлемге белгілі Дю Солей циркінің қойылымы. Оған жетім балалар, мүмкіндіктері шектеулі балалар, көп балалы отбасылардың балалары, ҰОС қатысушылары, мектеп олимпиадаларында ерекшеленген және оқу үздіктері шақырылып отыр.
Және билікке жиі қойылатын сұрақтардың ең соңғысы - қаражаттардың ойын-сауыққа жұмсалатындығы. Бұл да олай емес. Егер біз әлемдік жұлдыздың концертін алып келсек, оны біз бюджеттен тыс қаражаттарға жасаудамыз. Бюджеттік қаражатты тек мәселе елорда имиджіне қатысты болған кезде ғана жұмсаймыз", - деп атап өтті Астана қаласының әкімі.
Бұдан кейін, шаһар басшысы Астана күнінде тегін кіруге болатын, дәстүрге айналған іс-шараларды атап өтті.
Ұйымдастырылатын шаралар туралы толық ақпаратты www.astanaday.kz сайтынан білуге болады.