И.Тасмағамбетов: Елордаға сыйымдылығы 60 мың тонналық көкөніс сақтау қоймасы қажет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордаға сыйымдылығы 60 мың тонналық көкөніс сақтау қоймасы қажет. Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан елорданың одан ары дамуына арналған кеңесте қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті.
None
None

«Қазір қалаға көлемі 60 мың тонналық көкөніс сақтау қоймасы қажет. Былтыр 22 мың тонналық сыйымдылығы бар үш нысан өз жұмысын ойдағыдай атқарды», - деді И.Тасмағамбетов.

Әкім ақпаратына қарағанда, ағымдағы жылы сыйымдылығы 13 мың тоннаны құрайтын үш көкөніс қоймасын пайдалануға беру жоспарланып отыр.

«Ал қала қажеттігін 2016 жылға қарай толық өтеу үшін көлемі 32 мың тоннаны құрайтын тағы 6 көкөніс қоймасын салу қажет», - деді елорда басшысы.

Сондай-ақ И.Тасмағамбетовтің атап өтуінше, елорданың маусымаралық жылыжай өнімдеріне қажеттілігі 8 мың тоннаға тең. Қазіргі уақытта қуаты 2,5 мың тонналық 2 жылыжай жұмыс істеуде.

«2015 жылы қуаты 6,9 мың тонналық 3 жылыжай құрылысы аяқталмақ», - деді қала әкімі .

Сонымен қатар елорда басшысының атап өтуінше, өткен жылы Астанада жалпы аумағы 6 гектарды құрайтын 12 саябақ ашылған және қайта қалпына келтірілген. Биыл 13 саябақ пен 2 бақ ашу әрі жөндеу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар