И. Тасмағамбетов емханалардағы ұзын-сонар кезекті алдағы жылдың соңына қарай жоюға уәде етті

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында әкім денсаулық сақтау саласында қала әкімшілігінің барлық күш-жігері емханалық буындағы жүктемені жеңілдетуге бағытталғанын атап өтті. Бір жыл бұрын емханалар екі есе жүктемемен жұмыс істеген екен.
Емдеу мекемелерінің тапшылығын шешу мақсатында өткен жылы екі ауруханадан бөлек, бір емхана тапсырылды. Биылғы желтоқсанда тағы бір амбулаториялық-емханалық кешен ашылды.
Оның сөзіне қарағанда, осы емхананың пайдалануға берілуімен және Сол жағалауда 2014 жылдың екінші жартысында амбулаториялық-емханалық кешеннің, сондай-ақ Ильинка елді мекені мен Досмұхамедов көшесі бойында емханалардың ашылуымен елордалық емханалық буын нормативті жұмыс тәртібіне көшеді.
«Яғни, біз 2014 жылдың соңына қарай емханаларда бұндай ұзын-сонар кезек болмайды деп жоспарлаудамыз»-деп нақтылап өтті ол.