И.Тасмағамбетов Қорғаныс министрлігі ғимараты маңындағы көлік жарылысына қатысты түсініктеме берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген құрамдағы отырысынан кейін еліміздің Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов өзі басқаратын ведомство ғимараты алдындағы көлік жарылысына қатысты түсініктеме берді.
Алайда министр БАҚ өкілдеріне нақты ешқандай ақпарат бермеді. «Жедел-тергеу амалдары жүргізілуде. Бұқаралық ақпарат құралдарына мәлім жайттардан басқа ештеңе айта алмаймын, күтіңіздер», - деді ол.