И.Тасмағамбетов Қытай Халық Республикасы қорғаныс ведомствосының басшысымен кездесті (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымы қорғаныс министрлері кеңесінің өткізілуі шеңберінде ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов пен Қытай Халық Республикасы қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Чан Ваньцюаньнің екіжақты кездесуі өтті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Қазіргі уақытта қазақ-қытай ынтымақтастықтың жағдайы жоғары деңгейде тұр. Бұл Қазақстан мен Қытай арасындағы тату көршілік, достық пен ынтымақтастық туралы шартта негізделеді. Екіжақты ынтымақтастық туралы айтқанда әр жыл сайын әскери және әскери-технкалық салаларда қазақстандық-қытайлық өзара іс-қимыл тұрақты оң серпінге ие екенін атап өтуге болады. 

null null 

Соңғы жаңалықтар