І тоқсанда 195 мыңнан астам азамат стационарды еркін таңдау құқығын пайдаланды

Олардың 45 пайызға жуығы ауыл тұрғындары. Бұл туралы primeminister.kz сайтына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Министрлік мәліметтеріне қарағанда, 91,8 пайыз азамат өз өңірлерде емдеуден өтсе, 2,3 пайызы басқа аймақтарға емделу үшін барған. Ал 5,9 пайыз науқас республикалық клиникаларда емделуді ұйғарыпты. Жалпы республика бойынша кепілденген тегін медициналық көлем шеңберінде бірыңғай төлемші шеңберінде 525 өнім беруші стационарлық және стационар алмастыратын көмек, сонымен қатар 236 өнім беруші ауылдық денсаулық сақтау және 19 онкологиялық диспансер деңгейінде қызмет көрсетуде.
Бұдан бөлек, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, кепілденген тегін медициналық көмек көлемі қызмет көрсетулеріне қатысатын жергілікті жеке ұйымдардың саны 126 медициналық ұйымды немесе жалпы санынан 23,9%-ды құрайды.
Айта кету керек, медициналық қызметтер өнім берушілер профильдер бойынша науқастар орындарын іс жүзіндегі сұранысты бағалау үшін Ауруханаға жатқызу бюросы порталының мәліметтерін кеңінен қолдана бастады, бұл бос орын қорының профильдік құрылымының икемділігін қамтамасыз етеді.