13:11, 17 Шілде 2015 | GMT +5
І жартыжылдықта елордада 9 мыңға жуық жұмыс орны құрылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада үстіміздегі жылдың 1 шілде жағдайы бойынша 8 977 жаңа жұмыс орны ашылды. Соның ішінде: өнеркәсіп саласында - 747, сауда - 2 030, көлік және байланыс - 603, білім және денсаулық сақтау саласы - 1 394, құрылыс және коммуналдық шаруашылық - 1 504 және 2 699 - басқа да қызмет салалары.
Сонымен қатар, биылғы жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығымен 2 300 адам жұмысқа орналастырылды.
Еске сала кетейік, Астанада елорданың жұмысқа орналаспаған тұрғындарын жұмыспен қамту мақсатында мемлекеттік бағдарламалар қолға алынды. Жұмыссыз жүрген жастар үшін жұмыспен қамтудың мобильді пункттері ашылған, жастар практикасынан өту бағдарламалары іске асырылады, сонымен қатар, қайта даярлау курстары өткізіледі, деп хабарлайды astana. kz.