17:35, 01 Шілде 2013 | GMT +5
І жартыжылдықта коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру 1,8 пайызға қымбаттады - Статистика
АСТАНА. 1 шілде. ҚазАқпарат - 2013 жылғы бірінші жартыжылдықта тұрмыстық қызмет көрсету, сервис орындарын жалға беру бағасы 3,3, өндірістік жайлар - 2,6, сауда орындары - 2,3 пайызға өсті. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта айтылған.
Ағымдағы жылғы маусымда 2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда бағаның ең жоғары өсімі фотосалондарды (12%), дәріханаларды (7,9%), өнеркәсіптік базаларды (5,3%) жалға беруде тіркелді.
Жерүсті ашық және жабық паркингтерді жалға беру 2,7, автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету стансалары - 1,1, барлар - 0,5, мейрамханалар - 0,3 пайызға төмендеді.