І жартыжылдықта тұрғын үй құрылысына 169 млрд. теңгеден астам инвестиция салынды

«2012 жылдың қаңтар-маусым айларында қаржыландырудың барлық көздерінен 169,1 млрд теңге тұрғын үй құрылысына инвестиция салынған. Бұл 2011 жылдың осы кезімен салыстырғанда 93,3 пайызға көп», делінген агенттік хабарында.
Жалпы көлемі 3037,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2011 жылғы осы мерзіммен салыстарғанда 114,3 пайызға артық.
Тұрғын үй құрылысын инвестициялауды аумақтар бойынша алсақ: Ақмола облысында - 4,2 млрд теңге, Алматы облысында- 39,5 млрд, Атырау облысында - 15,1 млрд, Жамбыл облысында - 3,3 млрд, БҚО-да - 5 млрд, Қостанай облысында - 6 млрд, Қызылорда облысында - 4 млрд, Маңғыстау облысында - 9,1 млрд, СҚО-да - 1,6 млрд және ШҚО-да - 5 млрд теңге.
Сондай-ақ, Алматыда тұрғын үй құрылысына 29 млрд теңгеден астам, Ақтөбе облысында - 11,2 млрд, Қарағанды облысында - 8,2 млрд, Астанада - 18,4 млрд, Павлодар облысында - 2,7 млрд және ОҚО - 5,7 млрд тенге ге инвестиция салынған.
Ақпаратта айтылғандай, үстіміздегі жылдың қаңтар-маусым айларында қаржыландыру барлық көздері арқылы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі Оңтүстік Қазақстан облысында 2 есе және Павлодар облысында 2,5 есеге өскен.
Бұдан басқа, жұртшылықтың қаражатына 1541,4 мың шаршы метр жеке тұрғын үй құрылысы салынған, бұл республикадағы жалпы тұрғын үй құрылысының 50,7 пайызын құрайды.