IAAF құрлықтық кубогында Рыпакова мен Зябкина бақ сынайды

Аталған жарысқа Еуропа, Америка, Африка және Азия-Океания аймағының құрамалары қатысады. Турнир бағдарламасына 37 спорт түрі енген. Ерлер мен әйелдердің әрқайсысы 18 бәсеке түрінен сынға түседі. Сондай-ақ, 400 метрге 4 адамнан жарысатын аралас командалық эстафета бар.
Жеңімпаз команда ұпай санының көптігімен анықталады. Бір айта кетерлігі, мұнда спортшылардың жеке көрсеткіші емес, бірлескен рейтингі есепке алынады.
Әр құрлық құрамалары осы маусымдағы ірі жарыстардың нәтижесі бойынша жасақталды. Азия мен Океанияның біріккен командасына 87 атлет енген (45 ер адам, 42 әйел). Олардың арасында қазақстандық Виктория Зябкина (200 м) мен Ольга Рыпакова (үш қарғып секіру) бар.
Маусым айында өткен Ғұсман Қосанов мемориалында 200 метрді 22.73 секундта жүгіріп өткен Зябкина Азия рейтингінде көш бастап тұр. Сондай-ақ, Жакартадағы Азия ойындарында 14.26 метрге секірген Рыпакова тізімде бірінші орында.